Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.54
  • 533.76
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

  • 27 Қыркүйек
  • 7
Фото: Ақорда

Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.