Бүгін Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі

Бүгін Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі

Қарттар күні – қоғамда қарт адамдардың мәртебесін арттыру, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және оларға деген қамқорлықты көрсету мақсатында маңызды шара.

  • 1 Қазан
  • 12
Фото: ашық дереккөз

«Қарты бар үйдің қазынасы бар», дейді дана халқымыз, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

2023 жылдың басындағы статистикаға сәйкес, 60 жастан асқан азаматтар саны 2,6 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш халықтың 13,2%-ін құрайды. Олардың ішінде ерлер саны 1 031 051 (39,4%) және әйелдер саны 1 585 064 (60,6%).

Егде жастағы адамдардың ең көп саны Алматы қаласында (288 922 адам), одан кейінгі орында Қарағанды (200 186), Түркістан (190 160) және Алматы облысы (177 685).

2023 жылы өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті, ал 2050 жылға қарай 60 жастан асқан азаматтардың үлесі 16,7%-ке дейін өсуі мүмкін .

Мемлекет қариялардың құқықтарын қорғау және зейнетақы жүйесін дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылдаған. Жыл сайын зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны артып келеді, 2022 жылы зейнетақының орташа мөлшері 9,7%-ке өсті .

Отбасында баланы жастайынан үлкендерге, ата-аналарға құрметпен қарауға үйретеді. Бұл ұрпақтар байланысын және дәстүр сабақтастығын сақтауға ықпал етеді.

Қарттар күні – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеудің, сондай-ақ қарттарға қолдау көрсету, олардың тұрмысын жақсарту мен өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты мәселелерге назар аударудың символы.

Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен даналығы баға жетпес құндылық, олардың көптеген жетістіктері – жастарға үлгі. Белсенді ұзақ өмір сүру жобалары қазақстандық қарттардың елдің қоғамдық өміріне барынша ұзақ уақыт қатысуына септігін тигізеді, олардың өмірін қызықты етеді.

Ең бастысы – қарияларға көңіл бөлу, балалар мен немерелердің, туған-туыстар мен жақындардың сүйіспеншілігі мен қамқорлығы. Қарттарымыз аман жүрсін!