Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 492.17
  • 522.39
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді талқылау жөніндегі кездесуге қатысты

  • 2 Қазан
  • 5
Фото: instagram.com/mussilim

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы El.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу аясында автожол саласындағы өзара іс-әрекеттің негізгі мәселелері талқыланып, мемлекеттер арасында жаңа автомобиль жолын салу жайында сұрақтар пысықталды.

Автожолдың жаңа бағыты Моңғолия шекарасына қарай шығатын Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей Федерациясы) елді-мекені арқылы өтпек. Болжамды жаңа маршруттың қазақстандық учаскесі – Өскемен қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралықта салынды. Оның жалпы ұзындығы 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылады. Маршруттың басым бөлігі Ресей Федерациясының аумағында өтеді, егер Ресей тарапының жол салуға келісімі болса, маршрут 837 шақырымды құрайды.

Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тасжолының ұзындығы 1 604 шақырымды құрайды.

Жаңа жолдың құрылысы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ.