Көпшілік олардың жарасымды жұп екенін айтып, желіде жылы тілектеріп жаудырып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Айгүл Жапарова кім және немен шұғылданады?
Айгүл Жапарова (Асанбаева) — 2021 жылдың қаңтарынан бері Қырғызстанның бірінші ханымы қызметін атқарып келеді. Қырғызстан президентінің ресми сайтында Айгүл Жапарова мемлекет басшысының жұбайы ретінде, оның ішінде шетелдік сапарлары мен мемлекеттік іс-шараларға қатысты материалдарда үнемі аталып отырады.
Қырғыз елінің бірінші ханымы 1973 жылғы 14 қарашада, Қырғызстанның Ыстықкөл облысы, Түп ауданы, Сан-Таш ауылында дүниеге келген. Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, ол Садыр Жапаровпен жастайынан танысқан. Жарияланған өмірбаяндық мәліметтерге сәйкес, олар танысқан кезде Айгүл 18 жаста, ал Садыр Жапаров 23 жаста болған. Үш жылға жуық уақыт араласқаннан кейін олар шаңырақ көтерген. Бүгінде ерлі-зайыптылардың төрт баласы болғаны туралы айтылады.
Жапаровтар отбасы бала асырап алғаны рас па?
БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сәйкес, төрт туған баласы болған. Сонымен қатар, отбасы Садыр Жапаровтың жол апатынан қаза тапқан інісінің ұлы Ринатты да тәрбиелеп өсірген. Сондай-ақ, БАҚ беттерінде Айгүл Жапарова туралы жұбайы президент болып сайланғанға дейін, оның көпшілікке аса танымал тұлға болмағаны туралы айтылады. Алайда Садыр Жапаров қылмыстық қудалауға ұшыраған кезеңде Айгүл Жапарова оның қорғауына шығып, оны қолдау акцияларына қатысқан. 2020 жылы ол «Мекенчил» партиясының тізімі бойынша Жогорку Кенеш депутаттығына кандидат ретінде сайлауға да түскен.
Жапаровтар отбасындағы қайғы: Президент жанұясы кімнен айырылды?
БАҚ беттерінде ерлі-зайыптылардың үлкен ұлы Дастан Жапаров жол апатынан, 2019 жылы қаза тапқаны туралы айтылады. Бүгінде олар Рустам, Ринат, Нурдоолот и Жанайым есімді балаларды тәрбиелеп отыр.
Айгүл Жапарова немен айналысады?
Айгүл Жапарова президенттің ресми іс-шаралары мен шетелдік сапарларына белсенді түрде қатысады. Мәселен, Қырғызстан президентінің ресми сайтында оның 2023 жылы Садыр Жапаровтың Венгрияға жасаған ресми сапарына қатысқаны туралы ақпарат жарияланған.
2026 жылы президенттің ресми сайтында да Садыр Жапаров пен бірінші ханым Айгүл Жапарованың қатысуымен өткен іс-шаралар туралы материалдар жарияланды. Атап айтқанда, олар Нарын қаласында Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға қатысты.
Сондай-ақ, жұбайы президент болып сайланғаннан кейін Айгүл Жапарова қайырымдылық және әлеуметтік жобалармен айналысқаны туралы хабарланады. Ол ана мен балаларды қолдауға бағытталған «Үмүт булагы» қоғамдық қорын құрған.
Алайда кейін қордың қызметі тоқтатыған. 2022 жылғы тамызда бірінші ханымның жаңа қор құрғаны туралы ақпарат тараған.
Қос жұпқа ел неге сүйсіне қарайды?
Әлеуметтік желі қолданушылары Қырғыз Президенті мен оның жұбайын көпке үлгі ететін отбасы ретінде қарайды. Олар түрлі жылы пікірлерін жарыс жазады.
