Қазақстан сияқты өзінде ешнәрсе өндірмейтін елдерде тұратын адамдардың өмір сапасы еңбек өнімділігіне байланысты емес - kaz.caravan.kz
  • $ 490.84
  • 536.88
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сияқты өзінде ешнәрсе өндірмейтін елдерде тұратын адамдардың өмір сапасы еңбек өнімділігіне байланысты емес

Қазақстан сияқты өзінде ешнәрсе өндірмейтін елдерде тұратын адамдардың өмір сапасы еңбек өнімділігіне байланысты емес

Әлемге коммунизм мен капитализм деген идея беріп, адамзатты жынды қылып қойған немістің екі ұлысы — Маркс пен Энегльс.

  • 11 Қазан
  • 16
Фото: ашық дереккөз

Теңгенің құнсыздануына байланысты қоғамда түрлі пікірлер айтыла бастады. Мазмұндама қорының негізін қалаушы Шыңғыс Мұқан доллардың тым қымбаттап кеткенін жазып, кейде осы валютасы тұрақты елде тұрғың келеді дейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Неге?

Қоғам белсендісінің айтуынша, өміріңнің сапасы долларға емес, еңбек өнімділігіңе байланысты болады:

— Бұрын 100 мың теңгеге үш киім алсаң, енді екі киім аласың;

— Бұрын төрт дәрі алсаң, қазір үшеуін аласың;

— Бұрын теледидарды бөліп төлеу шартымен 12 айға алсаң, енді 18 айға аласың.

Осылай кете береді, себебі Қазақстан сияқты өзінде ешнәрсе өндірмейтін елдерде тұратын адамдардың өмір сапасы еңбек өнімділігіне байланысты емес.

«Бұрын 250 мың теңге айлық біразға жететін сияқты еді, қазір жетпейді. Айлығың азайып қалған жоқ, теңгең құнсызданып, заттар қымбаттап кетті», — деді Шыңғыс Мұқан.

Тіпті Қазақстанда шығатын азық-түлік те қымбаттап кетеді. Бидай оратын техника шеттен келеді, бидайды ұн етіп, макарон шығарса, өңдейтін құрал-жабдықтың бәрі шетелден валютамен келеді.

«Ең соңында, өзіңді аю сияқты сезінесің. Жазымен жүгіріп аң аулап, біраз май жинап аласың; бір ұйықтап тұрсаң, түгің қалмайды, арып-ашып, күніңді әрең көріп жүресің. Немесе қолға үйретілген атжалман секілді. Шығыршықта қанша жүгірсең де, аузыңа тиетіні бір уыс бидай. Сондықтан, адам өмірге бір рет келеді, атжалман сияқты босқа жүгіріп қткізгенше, валютасы тұрақты елде тұрақты табыс тауып жүрген жақсы емес пе?», — деді ол.

Олай істеу жалпы халықтың қолынан келмейді. Жалпы халық не істемек?