СҚО-да қар жауып, боран соғып тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 490.84
  • 536.88
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да қар жауып, боран соғып тұр

СҚО-да қар жауып, боран соғып тұр

Синоптиктер мұндай ауа райы әлі бір-екі күн сақталатынын айтады. 

  • 11 Қазан
  • 10
Фото: КТК

Солтүстік Қазақстан облысында күн суытты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы KTK арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Түнімен жауған қардың арты боранға ұласты. Синоптиктер мұндай ауа райы әлі бір-екі күн сақталатынын айтады. 

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалы 9 қазаннан бері қар, боран, көктайғақ жайлы ескертіп жатыр. Қазіргі уақытта облыс батыс циклонының әсерінде. Мұндай қолайсыз ауа райы ертең де сақталады. 

Болжам бойынша бүгін өңірдің батыс, солтүстік және шығысында жаңбыр, қар жауады. Солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетпек.

Ал облыстың солтүстігі мен шығысында дауыл тұрып, екпіні 30 м/с жетеді.  Түнде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендесе, күндіз +2-3 аралығында болмақ.

Ертең 12 қазанда да облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, боран сақталады. Көктайғақ болмақ. Түнде ауа температурасы -2,-7 градус аралығында, күндіз -5 градусқа дейін суытады. 

Бір түнде жауған жауын-шашын мөлшері 3,2 мм дейін жетті. М.Жұмабаев ауданының Возвышенка, Есіл ауданының Явленка метеорологиялық стансасында мұзды жауын жауды. Жалпы, қазан айындағы жауын-шашынның орташа нормасы – 22-40 мм.