Елімізде жаңа жылдан бастап үй бағасы қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңа жылдан бастап үй бағасы қымбаттауы мүмкін

Елімізде жаңа жылдан бастап үй бағасы қымбаттауы мүмкін

2025 жылы қолданысқа енетін жаңа салық кодексін қазір қоғам болып талқыланып жатыр.

  • 16 Қазан
  • 20
Фото: ашық дереккөз

Жаңа жылдан бастап құрылыс компаниялары әр сатылған үй үшін 12 пайыз салық төлейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстанда құрылыс компанияларына әр сатылған үй үшін 12% ҚҚС (қосылған құн салығы) төлеу туралы шешім құрылыс секторына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бұл жаңа салық 2025 жылдан бастап күшіне енеді. Қоғам белсенділері мен экономистердің пікірінше, салықтың өсуі тұрғын үй бағасының қымбаттауына алып келуі мүмкін. Бұл, әсіресе, ипотекалық бағдарламаларға кері әсер етеді, өйткені халықтың сатып алу қабілеті төмендеуі ықтимал. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысының бәсеңдеуі де ықтимал, себебі құрылыс компанияларының шығындары артады.

Журналист Әсел Ергешқызы енді халыққа қиын соғады дейді.

«Компаниялар өз қалтасынан төлемейтіні анық. Яғни, үй бағасы кем дегенде 22-25%-ға өседі деген сөз. Бұл салықты енді жеке тұлғалар да төлейді деп шығаруы да әбден мүмкін», — деді ол.

Экономика министрлігі бұл шешімнің тұрғын үй бағасына айтарлықтай әсер етпейтінін, үкімет қаржыландыратын бағдарламалар мен әлеуметтік тұрғын үй нарығына бақылау жүргізетінін атап өтті. Бұл шара тұрғын үй құрылысын және оның қолжетімділігін реттеуге бағытталған.

Қоғам белсенділері тұрғын үй бағасының қымбаттауы халықтың жағдайын қиындататынын ескертіп, осы мәселені талқылауды талап етіп жатыр. Әсіресе, халықтың баспана алуға мүмкіндігі шектеулі болатынын және ипотека қолжетімсіз болатынын айтып, салықты қайта қарау керектігін алға тартуда.

«Құрылыс компанияларына қосымша құн салығын көтерген жағдайда әрине ол бірінші кезекте үйдің бағасының өсіміне алып келетін нәрсе. Себебі, бұл ақшаны құрылыс компаниясы өз қалтасынан шығармайды ғой. Ол бәрібір қарапайым халықтың үй алатын азаматтардың қалтасына соғады», — деді ҚР Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.