Алматыдағы метро құрылысы келесі жылы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы метро құрылысы келесі жылы басталады

Алматыдағы метро құрылысы келесі жылы басталады

Биыл жұмыс тұралап қалғанын қала әкімі де мойындап отыр.

  • 22 Қазан
  • 9
Фото: izi.travel

Алматыдағы метро құрылысы келесі жылы басталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Метрополитеннің 12-ші бекеті — «Қалқаман» құрылысы неге ұзаққа созылуын халық білгісі кеп сауал жолдады.

«Алматы сияқты ірі қалада мұндай жұмысқа бірнеше жыл кететіні — заңдылық» — дейді.

Жоспар бойынша «Қалқаман» мен «Барлық» бекеттерінің құрылысы 2026 жылы аяқталуға тиіс. Одан соң әужейға дейін баратын бағытқа тоннель қазыла бастайды.

Оңтүстік астанада метро, ЛРТ, автобус сияқты қоғамдық көлік қатынасын дамытуға басымдық берілмек. Қала әкімінің айтуынша, 700 мың жеңіл автокөлік тіркеуде тұрса, күнде тағы 400 мыңдайы кіріп-шығатын қалада кептеліс мәселесін шешудің жолы осы ғана.

«Метро салынады. Биыл құрылыс белсенді жүргізілмеді. Сондықтан алдымен «Қалқаман» бекетіне дейінгі жолды аяқтауымыз қажет. Сонымен қатар метрополитенді батысқа қарай, яғни «Барлық» базарын дейін созу мәселесін қарастырып отырмыз. Оған қоса әуежайға дейін тартылатын жол жобасын дайындап жатырмыз. Келесі жылы бәрі алға жылжып, метро құрылысын одан әрі жылдам қарқынмен сала аламыз деген ойдамын», — дейді Ерболат Досаев.