ҰҚК: Астана әуежайында шетел азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК: Астана әуежайында шетел азаматы ұсталды

ҰҚК: Астана әуежайында шетел азаматы ұсталды

Шетелдік жалған құжат көрсеткен.

  • 24 Қазан
  • 2
depositphotos.com

12 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Астананың халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді. 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 дерегін жойды», — делінген хабарламада.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.