4 ұлымның 4 үйір жылқысы бар - Тоқтар Серіков - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 ұлымның 4 үйір жылқысы бар - Тоқтар Серіков

4 ұлымның 4 үйір жылқысы бар - Тоқтар Серіков

Жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен жары Бейбіт Сейдуалиева отбасы жайлы ашық сұхбат берді.

  • 24 Қазан
  • 150
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тоқтар Серіков Елодамыз Астана қаласына көшкісі келетінін жасырмады.

Әңгімесін бала тәрбиесінде әдемі өрбітті.

Балаға ұлттық тәрбие беріп, осы тарихы тереңде жатқан даланың иесі екенін сезіндіру — әр ата-ананың міндеті. Балаларымды ауылға көбірек апарамын. Мақтанғаным емес, кіндік қаным тамған жерім ауылымда үлкен шаруашылығым бар. 4 ұлым да атқа жақын, әрқайсысының өзінің аты бар. Сол жерде 4 ұлымна 4 үйір жылқы жіберіп қойғанмын. Бәрін өздеріне еншілеп қойғанмын. Оны дүние, байлық ретінде емес, иесі мен екенмін ғой, мен де әжетке жараған екенмін ғой, мен де әкемнің шетінде жүр екенмін ғой деген мақсатпен. Сонымен қоса, тазы иттері бар. Ойлап қалма, мен онымен баланы ауылбайский жасап жатқан жоқпын.

Сонымен қатар, әнші жары Бейбіт ханымның да жылқысы барын атап өтті. Ол өзі сырласып тұрады дейді.

Тоқтар Серіков «қарызсыз қазақ» жайлы:

Қарызсыз қазақ деген былжыраған әңгіме, мен де қарызбын. Маған қаншама ел қарыз. Қарызсыз өмір сүру үшін, өмірді қалай бастау керегін білмеймін. Біз енді ұрпағымызды қарызсыз қылайық деп тәрбиелеп жатырмыз. Солардың жағдайын жасап, деді.