Қазақстандық пациенттер үшін өмірлік маңызды препараттарды сатып алу тізбесі мен көлемі ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық пациенттер үшін өмірлік маңызды препараттарды сатып алу тізбесі мен көлемі ұлғайтылады

Қазақстандық пациенттер үшін өмірлік маңызды препараттарды сатып алу тізбесі мен көлемі ұлғайтылады

Дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасы препараттардың халықаралық сапа, қауіпсіздік және тиімділік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

  • 29 Қазан
  • 7
Фото: pixabay.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастықты кеңейтуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық пациенттер үшін өмірлік маңызды препараттар мен антиретровирустық вакциналарды сатып алу тізбесі мен көлемін ұлғайту туралы уағдаластыққа ЮНИСЕФ-тің Копенгаген қаласындағы (Дания) сатып алу орталығына бару барысында қол жеткізілді. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Копенгаген қаласында ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 74-ші сессиясына қатысуда.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ЮНИСЕФ-пен өзара іс-қимыл спектрін кеңейту жоспарлануда.

Сапар барысында ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері сатып алынатын дәрілік препараттардың тізбесін кеңейту мен халыққа қолжетімділігі жөніндегі нақты шараларды талқылады.

Бұл әріптестік препараттарды оңтайлы мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын үнемдеуге және пациенттерді қажетті дәрі-дәрмектермен қамтуды ұлғайтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық ұйыммен өткен жылғы жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, 7 позиция бойынша дәрі-дәрмек сатып алу нәтижесінде шамамен 1,67 млрд теңге үнемделді.

2025 жылға арналған дәрі-дәрмектерді сатып алу науқанының нәтижелері бойынша ДЗ тізбесін кеңейтумен қатар қаржы қаражатын үнемдеу де күтілуде.

Одан әрі ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлау, жабдықтау, жеткізу және бөлу процестерінің тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ЮНИСЕФ-пен қолданыстағы меморандумды өзектендіретін болады.

Дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі ЮНИСЕФ бағдарламасы препараттардың халықаралық сапа, қауіпсіздік және тиімділік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.