Құжатсыз жүрген құрылыс компаниялармен күрес басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құжатсыз жүрген құрылыс компаниялармен күрес басталды

Құжатсыз жүрген құрылыс компаниялармен күрес басталды

Үлескерлер дауына нүкте қоятын кез келді.

  • 30 Қазан
  • 12
Фото: dalanews.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еш құжатсыз құрылыс басында оңды-солды жүрген компаниялармен күрес басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

КТК телеарнасының мәліметінше, жауапты сала басшысы ақысын төлеген баспанасына ай емес, жылдап жете алмай жүрген қазақстандықтарға құзырлы органға бірден шағымдануға кеңес берді.

Себебі заң қарапайым азаматтар жағында. Ал сот пен прокуратура селқос болса, министр «жеке қабылдауыма жазылып, базынаңызды өзіме айтыңыз» деді. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ.

Сондықтан ведомство басшысының айтуынша, қандай да бір құрылысқа қаражат құймастан бұрын компанияның тарихына үңіліп, бір сәт бұған дейінгі үй сапасын зерттегені жөн. Айта кетейік, үлескерлер мәселесі Астана мен Алматыда бес жылдан бері өршіп тұр.

«Нарықта алаяқ өте көп. Бұны бәріміз мойындауымыз керек. Қазір тиісті заң жобасына түзетулер енгіздік. Қарапайым халыққа айтарым: Қазақстан тұрғын-үй компаниясы кепілдік берген құрылыс компанияларының көмегіне жүгінген жөн. Тек сол тізімде бар компаниядан үй алу керек», — деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.