Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы төрағалық ететін “Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесте” «Қазақстандағы балалар спорты және бұқаралық спорт проблемалары» тақырыбында қызу талқылау өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Кеңестің отырысына ҚР Туризм және спорт вице-министрі, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі шақырылды.
Еліміздегі мектептерде спорт залы жоқ. Айта берсең жастар мен жасөспірімдердің шешілмеген мәселесі көп. Мәжіліс депутаты мәселелерді тізіп шықты.
Аймақтардағы мектептерде спорттық жарақтар жарамсыз. Мысалы Абай облысындағы спорттық инаентарлардың 80-90% тозған. Қазір Қазақстандағы 709 мектепте спорт зал жоқ. Сол себепті оқушылар дене шынықтыру сабағын оқу кабинеттерінде өтуге мәжбүр.
Дене шынықтыру мұғалімдерінің мектепте оқушылармен сыныптан тыс, секциялық және үйірме сабақтарын өткізуге деген ынтасы төмен. Себебі, 2-3 сыныптан тыс, секциялық және үйірме сабақтарын өткізгені үшін ұстаздарға 17 797 теңге ғана төленеді.
Қала мен елді-мекендерде бұқаралық спорт үшін қойылған жарақтар сынған, жарамсыз. «DamuBala», «ArtSport», «DaraBala» сынды бағдарламалардың орындалуын қадағалайтын арнайы тетіктер жоқ. Бюджеттен ақша беріледі, бірақ әкімдікке тапсырыс алған кәсіпкерді бақылайтын уәкілеттік берілмеген.
«DamuBala», «ArtSport», «DaraBala» тапсырысыр алған кейбір кәсіпкерлер бір квотаны алуға мүмкіндігі бар баланы бірнеше аудандық үйірмелерге тіркеу арқылы мемлекет ақшасын негізсіз алып отыр.
«DamuBala», «ArtSport», «DaraBala» арқылы неге бала келіп жүргенін бақылау мүмкін емес. Сол үшін орталықтандырылған Face-ID сынды тексеріс жүйесін іске қосу қажет. Қазір мониторингтік топтар құру керек.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстары бітпей жатыр. Сол себепті бәріне бірдей типтік жоба жасалау керек. Қаржысы да бірдей болуы шарт. «
«DamuBala», «ArtSport», «DaraBala» сынды жобалардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары нашар. Ата-аналар секцияларға тіркеу басталғанынан хабарсыз болады. Өңірлердегі балалардың жарыстарға қатысуына бөлінген бюджетті ашық дереккөздерде жариялап, оны қоғамдық бақылауға алу керек.
Осы және өзге де өзекті мәселелер айтылды, ұсыныстар Орталық мемлекеттік органдарға жолданды. Енді қалай шешілетіні халық қалаулыларының бақылауында болады.