”Мен төрт күн шомылмай, үйде жаттым”: Блогер Сабина Мовлаева интим видеоға байланысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Мен төрт күн шомылмай, үйде жаттым”: Блогер Сабина Мовлаева интим видеоға байланысты пікір білдірді

”Мен төрт күн шомылмай, үйде жаттым”: Блогер Сабина Мовлаева интим видеоға байланысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде интим видеосы тарап кетіп, буллингке ұшырады деген блогер Сабина Мовлаева TalkLike YouTube арнасына берген сұхбатында мән-жайды айтып берді

  • 11 Қараша
  • 768
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол видеоны маған таңғы 6-да бір ұл мен қыз жіберді. Кейін барлығына тарады. Мені «қазақстандық өнім» деп келемеждеді. Мен күнде ақталдым. Бірақ маған екі адамның айтқан сөзі қатты әсер етті. Егер видеода мен болсам, жоқ болып кететін едім. Мен соңғы 2 жыл абройыммен күресіп келе жатан адаммын. Қыздың тағдыры қиын, бізде қоғам бірден қызды жамандап шығады», — дейді Мовлаева.

Блогердің айтуынша, осы оқиғадан кейін екі апта депрессияда болған.

«Ол жағдай болғанда, мен төрт күн шомылмай, үйде жаттым. Далаға шыққанда еркектер буллинг жасай бастады. Ал мен абыройға, атыма қатты қараймын. Мен үшін басты орында ақша емес, абырой», — дейді ол.