Еңбек министрі 2024 жылғы 21 қарашадағы «Демалыс күнін 2025 жылға ауыстыру туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәтінде былай делінген:
Демалыс күнін 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбіден 2025 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға жылжиды.
Осылайша, 2025 жылдың 5 қаңтары жексенбі жұмыс күні, ал 2025 жылдың 3 қаңтары жұма демалыс күні болады.
«Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күндік жұмыс аптасында 1-3 қаңтар аралығында демалады», — делінген ведомство хабарламасында.
Демалыс күндерін осылайша ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Бұйрық 2024 жылғы 21 қарашада күшіне енді.