Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудағы алғашқы қадам жасалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун өзінің әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.
«Вице-министр қызметіне кіріскен сәттен бастап алдыма нақты міндет қойылды — жасанды интеллектті барлық мемлекеттік органдардың жұмысына жедел енгізу. Мен ең маңызды нәрседен бастадым: мемлекеттік қызметшілерді оқыту», — деп жазды ол.
12-13 желтоқсан күндері Ұлттық жасанды интеллект платформасы (ҰЖИП) бойынша алғашқы ауқымды оқыту өткізілді. Екі күннің ішінде 170-тен астам қатысушы — мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық ұйымдарының өкілдері платформа мүмкіндіктерін және негізгі қолдану жағдайларын меңгерді.
Ұлттық жасанды интеллект платформасы — бұл қауіпсіз және жабық инфрақұрылым, ол:
• Чат-боттар мен аналитикалық құралдарды әзірлеуге және енгізуге,
• Күнделікті процестерді автоматтандыруға,
• Мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Оқыту — тек бастамасы. Жаңа деңгейге өту үшін бізге әрбір мемлекеттік органда ЖИ қолдану кейстерін дайындау қажет. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметшілерді оқытуды аяқтау қажет. ЖИ шешімдерін енгізу үшін қажетті бюджет пен ресурстарды жоспарлау маңызды», — деп қосты Вице-министр.
Айта кетейік, Дмитрий Мун биыл қараша айында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды.