Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Осы орайда БАҚ өкілдері Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан бюджетті әзірлеуде жасанды интеллектінің көмегіне жүгіне ме деген сауал қойды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп енгізетін боламыз. Бюджетті жоспарлау кезінде, бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде деректерді жылдам жіберу тұрғысында қолданылады. Бұл жұмыс бүгінде қолмен жасалады немесе талдаушылар деңгейінде ғана талқыланады, — дейді ол.
Айта кетейік, бүгін Үкіметтің көшпелі отырысы цифрландыру және жасанды интеллект тақырыбына арналды. Белгілі болғандай, келер жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект курсынан өтеді. https://kaz.inform.kz/news/elmzde-byudzhett-zhosparlauda-zhasandi-intellekt-koldanilmak-6f1693/
Мемлекеттік жоспарлауда жасанды интеллект қолданылмады. Бүгінгі Үкімет отырысында салалық жасанды интеллектінің дамитыны айтылды. Қаржы министрлігі бұл мәселені зерттеп, кірістер мен шығыстарды жоспарлау кезінде деректерді жүктеуді жоспарлап отырмыз, яғни белгілі бір кірістер мен шығыстарды болжау кезінде жасанды интеллектіні пайдалану, — деп жауап берді Әсет Тұрысов.
Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік жоспарлау саласына жасанды интеллектіні енгізу 2025 жылға жоспарланған.