Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен қазақ-италия сауда қауымдастығының президенті Марко Беретта кездесті. Бұл кездесу министрдің қазан айындағы Италиядағы миссиясының жалғасы болды.
Тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және екіжақты сауда көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Экспорттық-импорттық жеткізілімдер тізбегін жақсарту қажеттілігі айтылды.
2024 жылдың 11 айында тауар айналымы 18,2 млрд долларды құрап, экспорт 27,3%-ға өсіп, 17 млрд доллар болды.
Министр авиатасымалдың логистикадағы рөлін атап өтті. Жүк рейстерін итальяндық «Neos» компаниясы орындайды.
«Ansaldo» компаниясының Қазақстанда электр турбиналарын өндіру қызығушылығы талқыланды.
Қазақстан-Италия бизнес-форумын ұйымдастыру жоспарланды, оған 100-ге жуық компания мен 200-ден астам бизнес өкілі қатысады деп күтілуде.