"Қиналатын халық": Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін арттыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.28
  • 540.05
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қиналатын халық": Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін арттыруды ұсынды

"Қиналатын халық": Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін арттыруды ұсынды

Айта кетейік, ҚҚС мөлшерлемесін былтыр Қаржы министрлігі 12%-дан 16%-ға көтеруді ұсынған болатын.

  • 28 Қаңтар
  • 17
Фото: gov.kz

Қазақстанда қосымша құн салығын арттыру сұрағы бірнеше жылдар бойы талқыланып келеді. Бүгін де Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚҚС мөлшерлемесін арттыру сұрағы талқыланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл мәселе қоғамда көтерілгелі, депутаттар, жеке кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері жаппай пікірлерін білдіре бастады. Олардың пікірінше, ҚҚС мөлшерлемесін арттыру инфляцияның өсуіне, қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиеді. Себебі тауар өндірушілер ҚҚС құнын тауарға қосып сатады, ал түбінде тұтынушы халық төлейді.

«Өзбекстан керісінше ҚҚС мөлшерлемесін 20 пайыздан 15%-ға, кейін 12 пайызға түсіріп, пайданы көбейтіп жатыр. Олардың жоспарында енді 10% түсіру тұр. Біз 90 жылға түспекшіміз», — деп пікір білдірді Марат Жақсылықұлы.

ҚҚС арттыру не үшін керек

Билік ҚҚС арттыру ел экономикасына қажетті шара екенін алға тартып отыр. Мысалы Олжас Бектенов даму бюджетінің жеткіліксіздігі туралы мәлімдеме жасады. Айтуынша, негізгі салықтық жүктеме еңбекақы қорына, яғни өнімнің өзіндік құнына түседі. Ал Үкімет осы жүктемені азайтуға тырысады. Ол үшін ҚҚС ставкасын көтеріп, әлеуметтік жүктемені және міндетті зейнетақы тқлемдерін азайтуды көздеп отыр.

Олжас Бектеновтың айтуынша, дамыған елдерде бұл көрсеткіш мемлекеттің барлық шығындарының 25%-на жетеді. Ал бізде небәрі — 8%. Яғни республикалық бюджеттегі 26 трлн теңгенің 2 трлн теңесі ғана дамуға бөлінеді. Қаржы сарапшылары да мемлекеттің шығыны жыл сайын артып келе жатқанын алға тартып, бұл шараны мәжбүрлі деп санайды. Сондықтан мамандар халыққа қазірден бастап үнемдеуді бастауға кеңес берді.

ҚҚС көтерудің салдарына болжам

DeepSeek жасанды интеллекті НДС-ті 12%-дан 20%-ға көтерудің салдарын түсіндірді.

Қосылған құн салығының (НДС) 12%-дан 20%-ға көтерілуі экономикаға, бизнеске және халыққа айтарлықтай әсер етуі мүмкін. 

-Бағаның өсуі және инфляция

НДС мөлшерінің артуы тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеледі, себебі компаниялар қосымша шығындарды тұтынушыларға жүктейді. Бұл әсіресе аз қамтылған халыққа қиындық туғызады, себебі бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасы өседі.

-Тұтынудың азаюы

Бағаның өсуімен халықтың сатып алу қабілеті төмендейді. Адамдар қажетсіз шығындарды қысқартып, үнемдеуге мәжбүр болады. Бұл экономикалық өсім қарқынын бәсеңдетуі мүмкін.

-Бизнеске қысым

Шағын және орта бизнеске салық жүктемесінің артуы ауыр тиеді. Көлеңкелі экономиканың өсуі және НДС төмен елдермен салыстырғанда бәсекеге қабілеттіліктің төмендеу қаупі бар.

-Бюджет кірістерінің артуы

Мемлекет үшін НДС-ті көтеру бюджеттің кіріс бөлігін арттыруы мүмкін. Бірақ экономикалық белсенділік төмендесе, ұзақ мерзімді әсер теріс болуы ықтимал.

Қорытынды:

НДС мөлшерінің 20%-ға көтерілуі бюджетке қысқа мерзімді кіріс әкелгенімен, бағаның өсуіне, тұтынудың азаюына және бизнестің жағдайының нашарлауына алып келеді.