Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

  • 28 Мамыр 2025
  • 2
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Президенті жеделхатында екі ел арасындағы қарым-қатынас зор әлеуетке ие екенін атап өтіп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін күш-жігер жұмылдыруға әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тайе Ацке-Селассиенің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Эфиопия халқына құт-береке тіледі.