Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады

Елімізде жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып жатыр

  • 26 Қыркүйек
  • 11
ФОТО: Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі таңда тұжырымдаманы жүзеге асырудың алғашқы кезеңі басталды.

Энергетика министрлігі 19 іс-шарадан тұратын Жедел іс-қимыл жоспарын әзірледі. Бүгінде оның 8-і орындалды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен компанияларға хабарламалар жіберілді, мұнай өңдеу зауыттарына ай сайын іссапарлар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ МӨЗ жобаларының жол карталары әзірленді.

Бүгінде алты басымдық айқындалды:

Мұнай өңдеу зауыттарының қуаттын арттыру;

Мұнай өңдеу және мұнай химиясы ғылыми-зерттеу институтын құру;

«Конденсат» АҚ-ның өндірістік жүктемесін кезең-кезеңімен 50%-ға дейін жеткізу;

К5 және одан жоғары экологиялық санаттағы мотор отындарына көшу;

Жанар-жағармайдың стратегиялық сұйыққоймасын салу;

Мұнай-химия өнімдерін өндіретін жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін зерделеу.

«Қазіргі мұнай өңдеу зауыттарын заманауи мұнай-химия конфигурациясы бойынша кеңейтіп, нарық сұранысына сай икемді өнім түрлерін шығаратын кешендер салу тиімді. Бұл мұнай-химия кешендерін инвестициялық тартымды әрі ұзақ мерзімді активтерге айналдырып, басқарушы компаниялардың құнын арттырады», – деді Энергетика министрлігінің Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары Талғат Мақуов.

Сонымен қатар авиаотын өндірісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Үш ірі МӨЗ жылына 1,5 миллион тоннадан астам авиаотын шығаруды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, жекеменшік МӨЗ әлеуетін арттыру мәселесі де қарастырылуда.

Тұжырымдаманы іске асыру саланың ұзақмерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, заманауи мұнай өңдеу және мұнай-химия кешендерін құрып, сапалы мотор және авиаотын өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Перейти к новостям спорта