Қазақстанда 5 жыл ішінде бір млн адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 5 жыл ішінде бір млн адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді

Қазақстанда 5 жыл ішінде бір млн адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді

“Қазақстан eGov-тан AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?” тақырыбында өткен Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының III отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елде ЖИ-агенттерді дамытуға бағытталған жоспарларын бөлісті

  • 1 Қазан
  • 7
ФОТО: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, негізгі міндет – мемлекеттік қызметшілерге, бизнеске және азаматтарға есептеу қуаттарына, деректер жиынтықтарына және ірі тілдік модельдерге қол жеткізу мүмкіндігін беру. Бұл қадам әрбір саланың өз бағытында жасанды интеллект агенттерін әзірлеуіне жол ашады.

Бес жыл ішінде бір миллионнан астам адамды жасанды интеллект дағдыларына оқыту жоспарда бар. Бұл – символикалық қана емес, ел үшін маңызды критикалық шек. Әрине, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Бастамаға мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен барлық қалаушылар қамтылады, – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда ЖИ-ді дамыту тек мемлекеттік құрылымдардың емес, барлық саланың бірлескен күш-жігеріне айналуы тиіс.

Перейти к новостям спорта