Ақтауда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионаты басталды

Ақтауда жағажай волейболынан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Ақтау қаласында жағажай волейболынан ерлер мен әйелдер командалары арасында ХV Қазақстан чемпионатының 1-туры өтіп жатыр.

  • 11 Мамыр 2012
  • 480
Фото - Caravan.kz

Алдағы бейсенбіге дейін созылатын бұл байрақты бәсекеге 24 команда қатысуда. Онда әйелдер арасында Ақтау мен Алматыдан — 8, ал ерлер арасында Алматы, Ақтау, Қызылордадан — 16 команда өзара сайысқа түсуде. Былтыр ел чемпионатында ерлер арасында Алматы қаласының «Телеком-Ұшқын 1» , «Меридан», «Телеком-Ұшқын 2» командалары 1-3 орныды өзара бөлісті. Ал әйелдер арасында Алматы қаласының «СКПВ 1 СШВСМ» командасы ел чемпионы, «Алматиночка-СКПВ 2» командасы қола жүлдегер, ал Ақтау қаласының «Каспий 1» командасы күміс жүлдегер атанған болатын.

Жалпы биылғы ел чемпионатының 1-туры 18-20 мамыр күндері ерлер мен әйелдер арасында өтетін «Ақтау Инвитэйшн» Азиялық туры қарсаңында маңызды сынақ болмақ.