Орыс сыныптарының жартысынан көбі қазақ балалары: Оны түзеуге бола ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орыс сыныптарының жартысынан көбі қазақ балалары: Оны түзеуге бола ма?

Орыс сыныптарының жартысынан көбі қазақ балалары: Оны түзеуге бола ма?

Мәселенің түпкі себебі саясатта, яғни саяси еріктің әлсіздігінде. Мемлекеттік тілге сұранысты нарық өздігінен қалыптастырмайды. Ол үшін нақты талап пен жүйелі саясат қажет.

  • 3 Қазан
  • 93
Фото - Caravan.kz

Қоғам белсендісі қазақ тілінің мәселесін көтерді. Ол балалардың қазақ мектебіне барса да, орыс тілінде сөйлеуі қалыпты жағдай екенін жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Нұрмұхамед Байғараев қоғамдағы өзекті мәселені өзінің Facebook парақшасында көтерді. 

«Үш балам да балабақшада қазақ тобына барды, қазір қазақ мектебі, қазақ сыныбында оқиды. Бірақ үшеуі де үзілісте сыныптастарымыздың бәрі орысша сөйлейді. Мұғалімдер сабақты екі тілді араластыра түсіндіреді. Өйткені тек қазақша сөйлесе, көбі түсінбей қалады дейді», — деп бастады. 

Бұл енді дабыл қағатын жайт емес. Бұл қалыптасқан жағдай. Оны қабылдау керек. Оны түзеуге бола ма? 

Алдағы 3-4 жылда түзеу мүмкін емес. Себебі орыс сыныптарының жартысынан көбі қазақ балалары. Жеке меншік мектептерде 4 сынып болса, соның үшеуі орыс сыныбы. Сұраныс сондай. Нарық бәрін шешеді. 

«Үйде орысша сөйлеген соң қазақ сыныбында баласы ештеңе түсінбейді. Содан орыс сыныбына береді. Әкімдік қазақ мектеп қылып ашып жатса, қазақ әйелдер ұрыс шығарып, аралас мектеп қылып, өзгертіп жіберетіні содан. Ал аралас мектеп дегенің іс жүзінде орыс мектебі», — деп жазды ол. 

Осындай шырмауық қайталана береді. Жыл сайын. Содан қоғам орыстілді. 

Қоғамның даму бағдарын көрсететін форум-жиындар да сәйкесінше орыс тілінде, енді ағылшыншаға ақырындап көшіп жатыр. Неге? Жоғарыдағы жауап — нарық шешеді. 

Қазақ тілі, ең болмағанда, қазіргі сұранысын жоғалтып алмас үшін не істеуге болады? 

«Жұмысқа қабылдауда Қазтестті тапсырып, жоғары балл алуды міндеттеп, талап ету.  Қандай жұмыс? Мемлекеттік қызмет және үкіметтің үлесі бар кез-келген акционерлік қоғам. Яғни, бәрін шешетін нарықты осылайша өзгерту. Тілдің жағдайын радикалды түрде өзгертпесе де қазіргі жағдайын ұстап тұра алады», — дейді ол. 

Қоғам жанашыры Әли Үкенов былай деп жазды:

«Бұл мәселенің түпкі себебі саясатта, яғни саяси еріктің әлсіздігінде десем болады. Мемлекеттік тілге сұранысты нарық өздігінен қалыптастырмайды. Ол үшін нақты талап пен жүйелі саясат қажет деп сенемін».

Ерлан Қасымбеков деген желі қолданушысы да бұл пікірлерді қолдады.

«Елдегі барлық смартфондар мен компьютерлердің менюін тек қазақша сөйлету керек. Телеарнадағы барлық Батыс каналдары,кинотеатрларды тек қазақша сөйлету керек.Мемлекеттік масштабта кіріспесе келесі ұрпақ қазақ тілін мүлдем керек қылмайтын болады».

Айта кетейік, мектептердің тілдік құрылымы үш бағыт бойынша дамуда. Елдегі мектептердің бір бөлігі толықтай қазақ тілінде оқытады, олар мемлекеттік тілде білім беретін мектептер ретінде ерекшеленеді. Аралас мектептерде оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, ал орыс тілінде оқытатын мектептер негізінен орыс тілінде білім береді. Соңғы статистика бойынша, қазақ тілінде оқытатын мектептер Қазақстандағы барлық мектептердің шамамен 54%-ын құрайды. Аралас тілде оқытатын мектептердің саны соңғы бес жылда 104-ке артты, ал орыс тілінде оқытатын мектептердің саны 190-ға қысқарды, бұл соңғы жылдары кейбір орыс мектептерінің жабылуымен байланысты.

2024-2025 оқу жылында 351 176 бала бірінші сыныпқа қабылданды, олардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Жалпы білім беру жүйесінде қазақ тілінде оқытатын сыныптардың саны соңғы бес жылда 1%-ға өсті, ал орыс тілінде оқытатын сыныптардағы оқушылар саны 122 мыңға артты, негізінен аралас мектептердің есебінен. Қазақ ұлтының өкілдері арасында мемлекеттік тілде оқуды таңдағандардың үлесі 83,82%-ды құрайды, ал орыс тілінде оқуды таңдағандар 16,14%-ды құрайды.

Перейти к новостям спорта