Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

  • 9 Қазан 2025
  • 11
ФОТО: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.