Автомектептер ІІМ рұқсатымен ғана ашылатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автомектептер ІІМ рұқсатымен ғана ашылатын болады

Автомектептер ІІМ рұқсатымен ғана ашылатын болады

Автомектептер Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашылатын болады

  • 13 Қазан
  • 7
ФОТО: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның атап өтуінше, жол қауіпсіздігі саласында цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Нәтижесінде 19 мың жүргізші әкімшілік қамауға алынып, 22 адам жүргізуші куәлігінен айырылды. 

-Осыған қарамастан жолдардағы жағдай күрделі. Апаттың бірнеше себебі бар. Жүргізушілердің дайындық деңгейі төмен. Олар жылдамдықты ысырып, басып озу кезінде тәуекелге барады. Рульде ұйықтап кетеді, — деді Ержан Сәденов ІІМ-де өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Министрдің атап айтуынша, 2018 жылдан бері автомектептерде мемлекеттік бақылау жоқ.

-Бәрін орнына қоямыз. Өткен жылы өздігінен дайындықты жойдық. Барлық автомектепті есепке алдық. Курстар туралы куәлік пен медициналық анықтаманы электронды форматқа ауыстырдық. Автомектептерді ашу кезінде рұқсат беру тәртібі бойынша түзетулер енгіземіз, — деді ол.

Перейти к новостям спорта