Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

Алматының Азаматтық авиация академиясында Студенттер үйі – 482 орындық заманауи ғимарат ашылды

  • 31 Қазан
  • 2
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, Көлік министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Алматы әкімдігінің қолдауымен 2024 жылы «Қазаэронавигация» РМК балансынан көлемі 7 мың шаршы метрден асатын әкімшілік-қонақүй кешенін академияның меншігіне беру туралы шешім қабылданған болатын. Соның арқасында ғимарат жаңартылып, заманауи Студенттер үйін құруға мүмкіндік берілді. Нысан студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсенің жұмысы аясында жүзеге асырылды.

Фото: Алматы әкімдігі
Жаңа корпус Азаматтық авиация академиясы мен Алматы халықаралық әуежайының жанында орналасқан. Ғимарат 482 орынға арналған, жайлы, қауіпсіз әрі энергия тиімділігінің заманауи стандарттарына сай.

Жатақхана секциялық форматта салынған. Әр секция екі бөлмелі, мұнда душ және жуынатын бөлме де қарастырылған. Әр қабатта ас үй, сондай-ақ оқуға арналған коворкинг кеңістіктер бар.

Студенттер үйінде спорт залдары, демалыс аймақтары, медициналық кабинет және абаттандырылған алаңдар бар. Жатақхана академия студенттерінің өмірін жандандырып, өзара пікірлесу мен шабыт орталығына айналады.

Фото: Алматы әкімдігі
«Бұл жобаның ерекшелігі, ол жоғары оқу орындарына арналған ғимараттарды қайта жаңарту тетігі бойынша іске асырылды. Соның арқасында ғимарат жаңарды әрі барлық заманауи талапқа сай жаңа студенттік орталыққа айналды», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

Перейти к новостям спорта