Қазақстанда кальянды қолдану тәртібі қайта қаралып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кальянды қолдану тәртібі қайта қаралып жатыр

Қазақстанда кальянды қолдану тәртібі қайта қаралып жатыр

Қазақстанда кальянды пайдалану ережелері қайта қаралып жатыр

  • 13 Қараша
  • 4
ФОТО: Астана қ. ПД баспасөз қызметі

Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Сенатта өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, қазір әкімшілік жауапкершілік тетіктері және кальянды елге әкелуге рұқсат беру, жабдықты пайдалану, сондай-ақ қоғамдық орындарда қолданылатын заттардың тізімі сияқты кең ауқымды мәселелер қарастырылып жатыр.

Бұл мәселеге қатысты талқылау өте кең жүргізілуде. Ең алдымен, Қазақстан аумағына кальян әкелуге рұқсат, жабдықты дұрыс пайдалану және кальян дайындауда қолданылатын заттардың тізбесін бекіту қарастырылып отыр. Талқылауға халықаралық жұмыс топтары, әкімшілік полиция комитеті және заң шығарушы орган қатысып жатыр. Жұмыс жалғасады, ал қорытындысы бойынша қабылданған шешімді міндетті түрде жариялаймыз, – деді министрдің орынбасары.

Вице-министрдің пайымдауынша, бұл мәселе бойынша қосымша қоғамдық тыңдаулар өткізу мүмкіндігі де бар. Барлық аспектілер жан-жақты зерделенгеннен кейін ғана түпкілікті шешім қабылданады.

Перейти к новостям спорта