Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Жыртылып, туған әйел. Перзентханада жатқан кезде ол демалатын жерде жатқан жоқ. Бұрынғы замандағыдай өзің бөлек, балаң бөлек жатқан жоқ. Өзің ішек қарының ашылып жатып, 3 күн балаңды қарайсың. Енді ұйықтайын деп жатқан кезде дәрігердің тексерісі бар. 3 күн перзентханада жатып, келіп отырған әйелден “анау не болады, қазір үйіңе барамын. Саған қарай шығып жатырмыз”, — дейді. Ұйқысы қанбай, әрең жүрген әйелден “өтініш, ананы былай қылшы” деп өтініш сұрайды. Ол жаңа босанған әйелдің өзінің миы ашып тұр ғой. Әйелдің мазасын алып, хабарласа бермеңдерші”, — деді актриса.