Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

2025 жылғы 22 қарашада Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҰМУ) тіркелгені жарияланды. Осыған байланысты қала тұрғындарына ашық ауада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады

  • 23 Қараша
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«2025 жылғы 23 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада , әсіресе жол бойы немесе басқа ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқартуға кеңес беріледі. Сонымен қатар, созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдарға сыртта болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүру ұсынылады.

Бұған дейін синоптиктер Астана мен еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Перейти к новостям спорта