”93 жылғы, сүйегі қатайған, құрамадағы көп қызға әпше”: Мұхит Ахметов Назым Қызайбай туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”93 жылғы, сүйегі қатайған, құрамадағы көп қызға әпше”: Мұхит Ахметов Назым Қызайбай туралы

”93 жылғы, сүйегі қатайған, құрамадағы көп қызға әпше”: Мұхит Ахметов Назым Қызайбай туралы

Бокстан әйелдер құрамасының бапкерлер штабының мүшесі Мұхит Ахметов әйелдер боксының ерекшеліктерін айтты.

  • 5 Желтоқсан
  • 63
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Бұрымды боксшылардың дене даярлығымен айналысатын маман “Бірінші бол” YouTube арнасына берген сұхбатында алғаш ұлттық құрамаға бапкерлік қызметке келгенде Назым Қызайбайды бірден байқағанын айтты.

“Мен құрамаға келгенде Назым Қызайбай соңғы рет 9 жыл бұрын әлем чемпионы болған. Ол үлкен уақыт. Сол уақыт аралығында еңбектенгенімен жетістігін қайталай алмай жатты. Әйелдер құрамасының да рейтингі өте төмен. Шынымды айтсам, құрамадағы ешқандай боксшыны танымайтын едім. Ұлттық құрамаға келгенде Назым бірден көзіме түсті. Шыны керек, 93-ші жылғы қыз, әпше болып қалған ғой. Сүйегі қатайған, құрамадағы көп қыздарға әпше. Бұл қызға дұрыс бағыт-бағдар берсең, жарады деп айттық. Назыммен жұмыс істеп, еңбекқорлығын көре бастадым. Жаттығу жасайды, 23:00-де ұйықтайды. Назым, Алуа  жаттығу жиынына 3-4 сөмкемен келеді. Ішінде өздерінің жаттығу жасайтын скакалка, қолғаптарымен келеді. Содан-ақ оның кәсібилігін байқадым. Көзінде от бар. Оған қоса тәжірибесі де бар. Физикалық жүктемені көбейте бастадым. Шаршап жатқанда түсіреміз. Бұл — smart жаттығу, яғни “ақылды фитнес” деп аталады. Жүрек қағысын, анализдерін қарап отырып, қызды жоғары көтеріміз. Қан тапсырады, түрлі сынамалар тапсырады. Бұл — ғылыми қөзқараспен жұмыс істеу. Жетпей тұрған витаминдерін ішкіземіз, гормондармен жұмыс істейміз. Өйткені, әйелдерде гармон тұрақсыз болады. Ер адамдарда әр он күн сайын өзгерсе, қыздарда үш күн сайын өзгеруі мүмкін. Осының бәрін сараптай келе, Олимпиаданы ұтуға болады екен деген ой пайда болды”, — дейді ол. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера