Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы әлем біріншілігіне қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы әлем біріншілігіне қатыспақ

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшы әлем біріншілігіне қатыспақ

Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатынан жеңімпаз болып оралған батысқазақстандық Сайлан Матылов енді әлем біріншілігіне қатыспақ.

  • 12 Мамыр 2012
  • 375
Фото - Caravan.kz

Орал қаласындағы №2 БЖСМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлбану Баекесованың хабарлағанындай, аталмыш бәсеке­ге 13 облыс пен Алматы және Ас­тана қалаларынан таң­даулы 100 спортш­ы қа­тыс­қан. Қатысушы­лар­ды­ң бесеуі халықаралық дәре­жедегі спорт шебері болса, 19-ы — ҚР спорт шебері, әлем және Азия чемпиондары. Бұл сайыс жақында Чехияда өте­тін әлем чемпионаты­на үміт­керлерді іріктеу мақсатын­да өткізілді.

Еліміздің ең мықты то­ғызқұмалақшылары қа­тыс­қан сайыс тартысты өтті. Бірнеше күнге созылған бұл бәсеке нағыз шебе­р ойыншыны анықтап бер­ді. Осы жарыста 4 халықаралық дәрежедегі спорт шеберімен және 4 спорт шеберімен ойнап, бақ та­ластырған №2 БЖСМ-ның тәрбиеленушісі Сайла­н Ма­тылов өзінің мықты спорт­шы екендігін дәлелдеп берді. Сөйтіп ол үздік тоғызқұма­лақ­шы ретінде 13 шілдед­е Че­хияда өтетін әлем чемпио­натына жолдаман­ы ұтып алды. Бұған дейін де об­лыстық және республи­ка­лық жарыстардан жүлделі орындарды иеленіп жүрген дарынды спортшының бұл бәсекеден де табыспен оралатынына сенім мол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера