Павлодарда джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі өтеді

Павлодарда джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі өтеді

Бүгін Павлодарда жасөспірімдер арасында джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі басталады, деп хабарланды білім беру бөлімінен.

  • 12 Мамыр 2012
  • 438
Фото - Caravan.kz

Сайысқа Павлодар облысындағы барлық аула клубтарының және спорт мектептерінің тәрбиенушілері, Астана, Қарағанды, Теміртау, Семей және Атырау қаларынан 1997-2003 жылдар аралығында туған барлығы 150 спортшы қатысады.

Джиу-джитсу бойынша сайысқа самбошылар, дзюдошылар, спорттың қазақша күрес және айкидо түрлерінің өкілдері қатысуда.

Спорттың жекпе-жек бойынша бұл бірегей түрінің мектебі Павлодарда бұрыннан қалыптасқан. Павлодарда джиу-джитсуден Қазақстанның ашық біріншілігі «Дос» балалар аулалық клубы спортшыларының бастамасымен өткізілуде.

Сайысты ұйымдастырушылардың қатарында — Жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы орталығы, Павлодар әкімдігі мен білім беру бөлімі бар.