Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында 1 370-ден астам тексеру жүргізілген - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында 1 370-ден астам тексеру жүргізілген

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында 1 370-ден астам тексеру жүргізілген

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1 371 тексеру жүргізді, оның 466-і жоспардан тыс, 558 – профилактикалық бақылау аясында, 347 – прокуратураның талабы бойынша өтті.

  • 26 Желтоқсан
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 704 ұйғарым берілді, 79,7 млн теңгеден астам сомаға 349 айыппұл салынды.

Мемлекеттік бақылаумен қамтылғандар: мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 273, денсаулық сақтау нысандары – 170, білім беру – 228, әлеуметтік қорғау – 315, мәдениет – 56, спорт – 55, көлік инфрақұрылымы – 44, қоғамдық тамақтану – 26, сауда – 93, қаржы қызметін көрсету 24 және басқа да нысандар – 87.

Осылайша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 10 объектілеріне халықтың қозғалысы шектеулі топтары үшін нысандардың қолжетімділігі мәселесі бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексерулер қорытындыларымен нұсқамалар беріліп, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Соңғы жылдары қала инфрақұрылымында елеулі оң өзгерістер байқалады. Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігі артты, мемлекеттік ұйымдар, медициналық мекемелер мен қоғамдық кеңістіктер бейімделді. Мұның барлығы біздің күнделікті өмірімізді жеңілдетіп, қажетті қызметтерді кедергісіз алуға жағдай жасап отыр», – деді Өскемен қаласының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Айнұр Қалиева.

Перейти к новостям спорта