Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
— Университеттердің барлығы суперкомпьютерлерді пайдалана алады. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде үлкен суперкомпьютерлер орнатылған, — деді Т. Ешенқұлов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Осы орайда ол суперкомпьютер арқылы зерттеу жүргізгісі келетін кез келген ғалым аталған оқу орындарына бара алатынын айтты.
Сонымен қатар вице-министр болашақта суперкомпьютерлер басқа да университеттерге орнатылатынын жеткізді.
— Бүгінде орнатылған қуатты компьютерлер қазіргі деректерді өңдеуге жеткілікті. Бұл суперкомпьютерлердің техникалық сипаттамалары өте жоғары, — деді ол.