Елімізде жасанды интеллектіні оқыту білім беру бағдарламасына енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.95
  • 594.49
-11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жасанды интеллектіні оқыту білім беру бағдарламасына енгізіледі

Елімізде жасанды интеллектіні оқыту білім беру бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу жаңа стандарттар аясында жүзеге асырылады. Редакцияның ресми сауалына берген жауабында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетінін мәлімдеді

  • 16 Қаңтар
  • 3
ФОТО: kaz.inform.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, жасанды интеллект жекелеген пән ретінде енгізілмейді, керісінше қолданыстағы оқу бағдарламаларына кіріктірілген форматта қарастырылған.

– ЖИ құзыреттері білім беру салалары мен оқу пәндерінің мазмұнына ақпараттық-технологиялық және метапәндік құзыреттерді қалыптастыру арқылы енгізіледі, – деп жауап берді министрлік.

Атап айтқанда, жасанды интеллект элементтері:

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде мәтінді талдау және қысқаша мазмұндау барысында,
шет тілдерінде өнер мен мәдениеттегі ЖИ қолданылуын зерделеу кезінде,
жаратылыстану пәндерінде модельдеу мен деректерді талдау үшін,
тарих пен құқық негіздерінде зерттеу тапсырмаларын орындау және цифрлық сараптама жасау кезінде,
еңбек пен музыка сабақтарында визуализация, 3D графика және аудио-видео контенттерді өңдеу үшін қолданылатын болады.
Министрлік мәліметінше, бұл тәсіл оқу мазмұнын алмастыруды көздемейді және жасанды интеллект оқу процесінде пәндік білімді тереңдетуге арналған қосымша құрал ретінде пайдаланылады.