2026 жылы ақылы жолдар арқылы жүру құны қанша теңге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.27
  • 597.15
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2026 жылы ақылы жолдар арқылы жүру құны қанша теңге болады

2026 жылы ақылы жолдар арқылы жүру құны қанша теңге болады

Биыл еліміздегі ақылы жолдардың тарифін көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ

  • 27 Қаңтар
  • 1
Фото: ҚазАвтоЖол

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

-Қазіргі уақытта жол жүру тарифтері алдын ала төлем және кейінгі төлем кезінде көліктің автоматтандырылған жүйесінде (КАЖ) жеңіл көліктер үшін – 2/2,7 теңге/км, ал жүк көліктеріне жүк көтергіштігі мен жол санатына байланысты 8/9,7 теңге/км-ден 41/48 теңге/км-ге дейінгі мөлшерді құрады, – делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

1-санаттағы учаскелер бойынша алдын ала төлем және кейінгі төлем кезінде:

  • жеңіл автокөліктер – 2/2,7 теңге/км;
  • 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 8/9,7 теңге/км;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 16/19 теңге/км;
  • 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 24/29 теңге/км;
  • 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 33/39 теңге/км;
  • 15 тоннадан жоғары жүк көліктері – 41/48 теңге/км.

2-санаттағы учаскелер бойынша, алдын ала төлем және кейінгі төлем кезінде:

  • жеңіл автокөліктер – ақы алынбайды
  • 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 6/7,6 теңге/км;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 13/15 теңге/км;
  • 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 19/23 теңге/км;
  • 15 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 26/30,6 теңге/км;
  • 15 тоннадан жоғары жүк автокөліктері – 32/38 теңге/км.
  • Қазіргі уақытта 2026 жылға тарифтерді өзгерту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, — деп нақтылады министрлік.