Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауд Арабиясының Рас-Таннура қаласындағы Saudi Aramco компаниясына тиесілі ең ірі мұнай өңдеу зауыты ирандық Shahed-136 дрондарының шабуылына ұшырады.
Иран Сауд Арабиясының аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысаны – Рас-Таннура қаласындағы Aramco мұнай өңдеу зауытына Shahed-136 ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданды, – делінген ақпаратта.
Куәгерлер зауыт аумағында қуатты жарылыстар мен өрт болғанын, нысан үстінен қою қара түтін көтерілгенін айтады.
Times of Israel басылымының мәліметінше, дрон соққысы салдарынан нысанда өрт шыққан, алайда оны оқшаулау мүмкін болған.