Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.68
  • 568.23
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды

Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Екібастұз қаласында тұрғын үйлердің бірінде заңсыз түрде алкоголь өндірумен айналысқан жасырын цехтың жұмысын тоқтатты.

  • 13 Наурыз
  • 4
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында тұрғынның өз үйінде қолдан жасалған жабдықтар арқылы алкоголь өнімдерін дайындағаны анықталды.

«Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба, сондай-ақ виски, ликер және сыра секілді алкоголь өнімдерін қолдан жасап шығаруға арналған аппарат пен спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылғанымен, акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнімдер сараптамаға жіберілді. Оның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру, сондай-ақ оны дайындауға арналған құрал-жабдықтарды сақтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.