Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Аталмыш жаңалықпен актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
«Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті (медиа саласы бойынша) қызметіне тағайындалдым.
Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін арттыру және медиа бағытты жаңа деңгейге көтеру жолында бар күш-жігерімді саламын. Жинақтаған тәжірибем мен шығармашылық көзқарасымды осы салаға бағыттап, бірлесе отырып нәтижелі жұмыс атқарамыз деп сенемін.
Басты мақсат – ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!», — деп жазды ол.
Күрес федерациясындағы бұл тағайындаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.
«Күрестен нәтиже шықпаса, квн ойнаймыз», «Әзіл деңізші», «Күресіміз онсыщзда ақсап жүр еді, енді балуандар жайдарманшы болып бақтары жанатын шығар», «Күлеміз бе, жылаймыз ба», «Бұрынғылардың шымшық сойса да қасапшы сойсын дегені бекер емес», «Күрестен жетістігі бар ма, әлде күресті сайқымазақ жасауға келді ма», — деп жазды олар.
Айта кетейік, Бішкекте өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында ұлттық құрама грек-рим күресі бойынша бір ғана алтын алды. Ал әйелдер күресі мен еркін күресте ешбір балуанымыз финалға шықпады. Осылайша Азия біріншілігенде төмен нәтиже көрсеткен ұлттық құрама спорт сарапшылары мен жанкүйерлер тарапынан сынға ұшарыды.



Instagram желісінен скрин
Бұған спорт журналисі Аслан Қаженов күрес федерациясының президентін «жанына күреске қатысы жоқ адамдарды алып алған» деп сынаған еді.