Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші жарына алғысын білдіріп, тезірек жазылуын тілеген.
«Өмір — кино… Өмірдің өзі кино. Жүрегіммен сені шексіз сүйдім! Менің өмірімдегі ең әдемі кадрлардың бәрінде сіз барсыз… Өміріміздің сценарийін өзің жаздың. Режиссері де өзің болдың… Ал мен сол фильмнің ең бақытты кейіпкеріне айналдым… Біздің өмір — жай ғана бірге өткен уақыт емес… Бұл — жүрекпен жазылған, тағдырмен өрілген үлкен хикая… Қуанышы да болды, сағынышы да болды… Шаршаған, алаңдаған сәттер де өтті. Бірақ соның бәрінен бірлік пен адалдықты ту еткен махаббатымыз жеңіп шықты…
Алланың өзіңе берген күш қайраты, кесек мінезі,аталарыңыздан дарыған тектілік , ештеңеден қорықпайтын батылдығыңыз, қайтпас қайсарлығыңыз, мейірімді жүрегіңіз — маған мәлім, көпке үлгі! Қазағын сүйген, жаратушысына басын иген, бүтін елдің атқарар ісін жалғыз жүріп еңсерген өзіңдей азаматтың жары болу — үлкен бақыт.
Астанадағы концертімізге бір күн қалғанда болған жағдай бізге көп нәрсені ұқтырды… Кейде адам жоспарлайды, ал тағдыр бәрін өз уақытында өзгертеді екен… Сол сәтте ең маңыздысы — атақ та, сахна да емес, деннің саулығы, бастың амандығы екенін түсінесің. Сахна күтер… Ән де айтылар… Концерт те болар.
Бүгінгі туған күніңізде , өмірдің бар сынағы осымен кетсін деп тілеймін! Жалғасады біздің фильм..», — деп жазды ол.
Бұған дейін Қыдырәлі Болмановтың денсаулығы сыр беріп, концерті кейінге шегерілгені туралы жазған едік.