“Әкемнің інісінде бала болмағасын мені асырап алды, балалары болғасын мені қайтарып берді” - Ақылбек Досжанов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Әкемнің інісінде бала болмағасын мені асырап алды, балалары болғасын мені қайтарып берді” - Ақылбек Досжанов

“Әкемнің інісінде бала болмағасын мені асырап алды, балалары болғасын мені қайтарып берді” - Ақылбек Досжанов

Продюсер Ақылбек Досжанов ата-әженің қолында өскеннің қандай екенін айтты.

  • 22 Мамыр
  • 13
Видеодан скрин

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мен туғаннан әжеме берілгенмін. 4 жасымда әкемінің інісінің қолына өттім, сол жақта екі жыл тұрдым. Оларда бала болмағасын “бала етсін” деп мені Бішкке жіберді. Оларда артымнан ерген 3 қыз бар. Содан кейін қайтарады. Жалдамалы жүрген адам сияқты болдым. Кішкентай кезімнен біреудің сығалап тұрған өмірімен өмір сүрдім. Шешеңе, әкеңе баратын ең тәтті кез менде болмады. Сол үшін мен адамдарға жалпақтай, жалтақтай беремін”, — деді продюсер.

Сондай-ақ, Ақылбек Досжанов әжесінің өмірден өткенін кеш білгенін айтты.

”Мен Мысырда оқып жүргенде әжем қыста қайтыс болған, маған ешкім айтпаған. Әжемнің қайтыс болғанын мамырда білдім. Өйткені, мамырда сабақтан келдім. “Сен сабағыңды оқысын деп айтпадық” деді. Қоштасып үлгермедім, соған өкініп қалдым”, — деді танымал продюсер.