”Буындырып өлтірген, денесін балықшылар тапты”: 4 күн бойы іздестірілген 26 жасар азаматтың денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Буындырып өлтірген, денесін балықшылар тапты”: 4 күн бойы іздестірілген 26 жасар азаматтың денесі табылды

”Буындырып өлтірген, денесін балықшылар тапты”: 4 күн бойы іздестірілген 26 жасар азаматтың денесі табылды

4 күн бойы іздестірілген 26 жасар Ерзат Егінбайдың денесі өлі күйінде табылды.

  • 25 Мамыр
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ерзатты буындырып өлтіріпті, денесін балықшылар тапты. Бүгін жерледік…

4 күн бойы қайнысын шарқ ұрып іздеген жеңгесі осылай деп жазып жіберіпті. Төбемнен біреу суық су құйып жібергендей болды. Жасы небәрі 26-да. Күзде ғана үйленіп еді. Жақында әйелінің жүктілігіне қуанып, өмірді енді бастаған кез. Жап-жас, өмірге келді, кетті…
Мынау марқұмның камераға түсіп қалған соңғы видеосы. Автобустан түскен сәттен қолында телефон, жан-жағына қарап алаңдап біреуді (не кездесу орнын) іздеп келе жатқандай. Ерзатқа соңғы қоңырау шалған кім? Кіммен кездесті? Неге келіспеді? Кім өлтірді полиция анықтап, заң жазасын берер.
Қорқыныш басқада, жоғалған адамның бәрі өле берсе сұмдық қой”, — деп жазды журналист.