Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол отандық журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
«Менде ағам қайтыс болған кезде, телефон шырылдады. Түркістанға телефон соқтым, сөйтсем досының үйінде екен. Досының үйіне телефон соқсам, орыс тілді жеңгесі бар еді. Сол тұтқаны алып: «Гүлзира сізсіз бе, ағаңыз қайтыс болды» деді. Телефонда кім екенін де сұрамаппын, әрқайсысы көз алдыма елестейді. Ол кезде ұялы телефон да жоқ.
Қолымда тек қана Қайрат қана. Сонымен қатты уайымнан іштегі бала шетінеп кетті. Кейін ол баланы алып тастағаннан кейін, жатырдың ойналамалы болып қалатынын білмегенмін. Қайта-қайта көтеремін, қайта-қайта түсік тастаймын. Сөйтіп бірінен кейін бірі алтауы кетті.
Кейін барып бір орыстың әйелі, 6 ай не 1 жыл демалу қажеттігін айтты. Ол кезде біз «Саяхатта» тұрамыз. Сосын Аянды дүниеге әкелдім, одан кейін тағы 3 рет түсік тастадым. Сонда 9-ы кетті», — деді продюсер.