Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды

Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды

Бірнеше елде елшілер ауысты.

  • 10 Шiлде
  • 1
фото- Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Әбілқайыр Сқақов Қазақстан ның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Бақыт Батыршаев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Болат Иманбаев Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстанның Бангладештегі, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтегі, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Арман Исағалиев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.