"ТЖБ-да төмен баға алса, тоқсандық бағасы төмендеп қалады": Министр Сүлейменова білім беру жүйесіндегі әділетсіздікке күйінді - kaz.caravan.kz
  • $ 473.4
  • 539.39
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ТЖБ-да төмен баға алса, тоқсандық бағасы төмендеп қалады": Министр Сүлейменова білім беру жүйесіндегі әділетсіздікке күйінді

"ТЖБ-да төмен баға алса, тоқсандық бағасы төмендеп қалады": Министр Сүлейменова білім беру жүйесіндегі әділетсіздікке күйінді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Жұлдыз Сүлейменова бастауыщ сынып оқушыларының бағалау жүйесін қатаң сынға алды.

  • 28 Шiлде
  • 4
Фото: Instagram/ministr_suleymenova_zhuldyz

Ол қазіргі жүйе бойынша балалар білімін бағалау — әділетті емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Министр бастауышта балаларды бағалауға емес, олардың білімге деген құштарлығын арттыруға күш жұмсау керектігін тағы бір рет қадап айтты.

«Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Бүгін сіздермен жалпы бастауыштағы тоқсандық жиынтық бағалау, сонымен бірге бөлім жиынтық бағалауды алып тастауға байланысты тағы бір негіздемені сіздермен талқылағым келіп тұр.

Өздеріңізге белгілі, ТЖБ жиынтық бағаның 50 пайызын құрайды. Сонымен бірге күнделікті қалыптастырушы бағалау, БЖБ екеуі қосылып, тоқсандық бағаның 50 пайызын құрайды. Яғни, бала күнделікті сабаққа барып, барлық тапсырманы орындап, БЖБ-ға қатысып, күнделікті осының бәрін жасағанның өзінде барлық тоқсандық бағаның 50 пайызын құрайды.

Бірақ белгілі бір себептермен ТЖБ-да бала өзінің бағасын төмен алатын болса, онда оның барлық тоқсандық бағасына кері әсер етуі мүмкін. Біздің ойымызша ол әділетті емес. Өйткені бастауынша біз баланы бағалауға емес, жалпы білімге деген қызуғышылығын арттыруға, сонымен бірге өзіне деген сенімін нығайтуға бағыттауымыз қажет.

Сондықтан біз, бүгінгі таңда балалар үшін қолайлы және әділ бағалау жүйесін қалыптастыруды қарастырудамыз. Осы видеоның астына өзіңіздің ұсыныстарыңызды енгізсеңіздер болады», — деді министр.