”Қазақстанда әрбір 5-ші қыз жыныстық зорлыққа тап болған” - Дина Төлепберген - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қазақстанда әрбір 5-ші қыз жыныстық зорлыққа тап болған” - Дина Төлепберген

”Қазақстанда әрбір 5-ші қыз жыныстық зорлыққа тап болған” - Дина Төлепберген

Тележурналист Дина Төлепбергеннің жеке субьективті статистикасына сәйкес “Қазақстанда әрбір 5-ші қыз жыныстық зорлыққа тап болған”.

  • 21 Тамыз
  • 3
Screenshot

Бұл туралы ол “Zamandas” подкастында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Өкінішке орай, зорланған жасөспірімдерді көп көрдім. Кішкентай, 5,3,4,6 жастағыларды. Туған әкесі, ағасы, жездесі, атасы зорлайды. Менің жеке субьективті статистикама сенетін болсаңыздар, Қазақстанда әрбір 5-ші қыз жыныстық зорлыққа тап болған. Бұл трагедия. Қыздар үлкейген кезде де аналарына өкпелі. Өйткені, аналарына айтқан, “ол мүмкін емес” деп оны жабық тақырып етіп айтпаған.

”Әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған”

Дина Төлепберген өзі жасөспірімдер гинекологынан сұхбат алған, оның айтуынша “әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған”.

”Өткенде мен жасөспірімдер гинекологымен сұхбаттасқан болатынмын. Оның статистикасы бойынша, әрбір 3-ші қыз жыныстық қорлыққа тап болған. Сондықтан да “жеке шекара, минструация, дене” тақырыбын көтеруім осыны шешуім үшін. Ең болмаса әжетханадан бастап шешу керек деп шештім”, — деді журналист.