Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар саны шектелуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар саны шектелуі мүмкін

Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар саны шектелуі мүмкін

Алматыда бір пәтерге тіркеуге болатын адамдардың санын шектеу ұсынылып отыр.

  • 21 Тамыз
  • 1
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрғын үйдің әрбір 15 шаршы метріне бір адамнан артық тіркеуге болмайды. Мысалы, ауданы 75 шаршы метр болатын пәтерде бес адамнан артық тұра алмайды.

«Алайда бұл шектеу жақын туыстарға қолданылмайды», – делінген «КТК» телеарнасының репортажында.

Мұндай шектеу Астанада қазірдің өзінде қолданыста екені белгілі болды. Осылайша, қала билігі «резеңке пәтерлер» деп аталатын, бір мекенжайға шамадан тыс көп адамның тіркелуін азайтуды көздеп отыр.

Әкімдік бұл жобаны депутаттардың қарауына ұсынды. Жоба 26 тамызға дейін талқыланады.