”Діннің артына тығылып талай қылмыскер жүр-ау” - Гүлмира Әбіқай - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Діннің артына тығылып талай қылмыскер жүр-ау” - Гүлмира Әбіқай

”Діннің артына тығылып талай қылмыскер жүр-ау” - Гүлмира Әбіқай

Журналист Гүлмира Әбіқай Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қазақстандық екі апалы-сіңліні өлтірген күдікті туралы айтты.

  • 27 Тамыз
  • 3
Screenshot

Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Арабияда кісі қолынан қаза тапқан апалы-сіңілінің денесін алуға туыстары Дубайға ұшып кетті.
Күдікті осы жігіт деп жазуда марқұмның жақындары. Бұл жігіт елде жүргенде талай қызды қорлағаны туралы ақпарат тарады. Діннің артына тығылып талай қылмыскер жүр-ау.
Бір үйден қос ботасынан айырылып ата-анасы аңырап қалды-ау. Қайырлы болсын, қандай қиын, сабыр берсін”, — деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде, оның ішінде тиісті құжаттарды рәсімдеуге және Қазақстан азаматтарының қаза болу мән-жайларына қатысты Әмірліктердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесіп жатыр», — делінген хабарламада.