Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды.

  • 28 Тамыз
  • 1
Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияға Павлодар қаласындағы ЖШС бірінен ақша қаражатының ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі шамамен 25 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел уәкілдер кәсіпорынның күзетшісі болған күдіктіні анықтады.

Полицейлер бау-бақша серіктестіктерінің біріндегі саяжай учаскесінде тінту жүргізу барысында 24 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын тапты. Ақша алма ағашының түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған.

— Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді, — дейді Павлодар қаласы ПБ полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.